Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық азаматты басқа қалада болған қылмысқа қатысты айыптады: Шулы оқиғаның жалғасы

Қазақстандық азаматты басқа қалада болған қылмысқа қатысты айыптады: Шулы оқиғаның жалғасы

Өскемен тұрғыны Ақылбек Қаржыбаев Алматыдағы тергеуші, судья мен прокурарды жазалауды сұрайды.

Ақылбектің айтуынша, өзін негізсіз айыптап, 3 айға қамауға алған. Ол ұйымдасқан қылмысқа және адам ұрлығына қатысы бар деп күдіктелді. 
Ол моральді өтемақы алуға қаншалықты құқығы бар?
"Маған мәйітті не үшін көміп, кейін қайта алдындар деді. Мен ол кезде Алматыда болмағанмын да", - дейді жәбірленуші. 
Ақылбектің жүкті әйелі БАҚ-қа өтініш айтты. Жолдасының кінәсін дәлелдей алмаған соң полицейлер босатқан. 
Енді өзі мен отбасы мүшелеріне психологиялық зақым келтіргені үшін, өзін негізсіз айыптағаны үшін тергеуші, сот төрешісі мен прокурорды жауапқа тартуды қалайды. 
Ақылбек бас прокуратураға шағым жазғанда, олар Алматы қаласының прокурорына істі жібереді. Ол осы істе айыпталған прокурордың өзі. Ол прокурор өзі мен судьяға ешқандай айып қойған жоқ Тергеуші сөгіс алды. 
Заңгер мұндайда жәбірленуші моральді өтемақы алуы керек дейді. 
"Тергеушінің кінәсін дәлелдейтін фактілерді бас прокуратура мен жеке қауіпсіздік басқармасына жіберетін арызға тізіп жазасыз. Олар осы фактілер негізінде тергеушіге қылмыстық іс қозғайды", - дейді заңгер Сергей Уткин. 
Алматы қалалық полиция департаменті мән-жайға қатысты алдағы уақытта түсініктеме бермек. Ал, Ақылбек Қаржыбаев бұл мәселеде президенттен көмек сұрады.

https://stan.kz  

07 шілде 2019 ж. 687 0