Катамаранмен жүрген ақтаулық екі азаматты су алып кеткен

"Мас күйіндегі екі азамат катамаранмен Кендерлі шағын ауданына қарасты "Самал" демалыс орталығы маңында теңізге шыққан. Құтқарушылар оларды ертесі бірақ тапты", - дейді Маңғыстау облысы өртсөндіру және жедел құтқару департаментінің баспасөз хатшысы Рукия Сычаева.
Катамаранға мінген күйі бір түн бойы теңізде болған 55 жастағы азаматтар аман-сау демалыс орнына жеткізілді.