Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 теңге - 1 доллар. Суретшілер "Арманымдағы Қазақстан" байқауында болашақты бейнеледі

1 теңге - 1 доллар. Суретшілер "Арманымдағы Қазақстан" байқауында болашақты бейнеледі

"Арманымдағы Қазақстан" байқауына суретшілердің өз отанын 20, 50 және 100 жылдан кейін қалай елестететінін көрсететін алғашқы жұмыстары түсе бастады, Alash Media Group холдингінің бұл мәдени футуристік жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен талантты адамдарды жинады. Мақсаты - қазақ қоғамының сан қырлы әрі прогрессив екенін көрсету. Ең алғашқылардың бірі болып "Сандық өнер" категориясы бойынша Алматы қаласынан Абай Битлеуов өз жұмысын ұсынған болатын. Ол Қазақстанның құрметті сәулетшісі, жасы 64-те
Суретте Қазақстанның 2039, 2069 және 2119 жылдары 22 маусымдағы валюта бағамы бейнеленген. Автордың ойы бойынша, 2039 жылы доллар бағамы 10 теңгеден болады. 2069 жылы 1 теңге 1 долларды, 2119 жылы 2 тиынды құрайды. Шебердің айтуынша, байқауға арналған жұмысты жасауға Әл-Фараби мен Шоқан Уәлихановтың образдары шабыт берген. "Өзімнің жұмыстарымда мен ұлттық валютамыздың абыройына мақтанышпен қарайтынымды жеткізгім келді. Маған шабыт берген ең алғаш 1 теңгелік ұлттық валютамызды қолыма ұстаған қуанышты сәт еді. Қазіргі жастар сол кезде 100 долларды 400 теңгеге айырбастағанымызға сенбейді де!", - дейді сәулетші.    Суретші болашақта осы болжамының орындалатынына сенімді: "Менің бұл болжамыма бостандықта жүрген парақорлар қарсы шығуы мүмкін. Мен пайғамбар емеспін, бірақ мен қарапайым болжамыма 100 пайыз сенімдімін. Себебі мен оптимиспін және өз отанымның патриотымын. Байқауға арналған жобамның басты мақсаты - күнделікті өмірден шаршаған, алайда сенімі мол қазақ халқына жарқын болашаққа деген кішкене де болса сенім ұшқынын ояту. Менің нақты әрі сенімді пікірім бойынша, еліміз жаһандық экономикадағы 20 алпауыт елдің  қатарына кіреді". "Бейнелеу өнері" санаты бойынша алғашқылардың бірі болып өз жұмысын Вероника Морская жіберген екен. Оның жұмысында қазақстандық қаланың болашақтағы футуристік көрінісі бейнеленген. Ғимараттар жеңіл стильде бейнеленіп, әуеде ұшатын көліктер көрсетілген.
"Прекрасное далеко" жұмысының авторы кез келген адам шынайы өмірде жетіспейтін қиял ғажайып әлемді аңсайтынын атап өтті. Авторға болашақта ірі өзгерістерге ұшырайтын, Қазақстанның заманауи астанасының образдары әсер еткен. "Прекрасное далеко" бейне-жобамда терезені кеңінен ашып, өзінің сүйікті қаласына, алысқа көз жүгіртіп отырған қыз бейнеленген. Егер анықтап қарасақ, болашақтың образдарын көруге болады: ұшатын көліктер, жеңіл ғимараттар. Кеңінен ашылып тұрған терезе жарқын болашақты білдіреді. Жұмыс футуристік негізде бейнеленген, себебі, көк және ақшыл көк түстер еркіндік, тыныштық, жайшылық және жоғарғы технологиялардың түсін білдіреді. Іштей еркіндік, қуаныш, тыныштық, гармония мен тазалық сезіледі. Болашақта барлық ғимарат әйнек немесе айналы түрде болады. Олар ашық аспанды және кеңістік пен уақытты кеңейте түседі". "Сандық өнер" категориясы бойынша қатысқан футуристік стильдегі туындының авторы Дамир Қазақстанның бес облысын әртүрлі образда бейнелеген екен.
"Сандық өнер" категориясы бойынша тағы бір қатысушы Ержан Нұр-Сұлтан қаласының болашағын суреттеген. Оның ойынша, болашақта ғимараттар "тірі" болады - оларды өсімдіктер қоршайды. Жалпы, қала өсімдіктерге бай болады. "Бәйтеректің" жанына қазақ үйлер орнатылады.
"Арманымдағы Қазақстан" байқауына 18 жастан асқан кез келген ҚР азаматы қатыса алады. Қатысуға өтінішті 2019 жылдың 18 маусымы мен 30 шілде (қоса алғанда) арасында artdream.kz сайтына жіберуге болады. Ұйымдастырушылар таңдап алған үздік жұмыстар осы порталда жарияланады. Әрбір жарияланған жұмысқа автор 20 мың теңге көлемінде ынталандыру қаражатын алады. Жобаның жалпы ережелері туралы осы жерден танысуға болады. Атап өтейік, жұмыстар екі категория бойынша қабылданады - сандық және бейнелеу өнері, өтінішті екі категория бойынша да қалдыруға болады, алайда әр категорияға бір жұмыстан қабылданады. Жеңімпаздарды ақшалай марапаттар күтеді: бірінші орын - 300 мың теңге, екінші орын - 200 мың теңге және үшінші орын - 100 мың теңге. Жекешеленген "Интернет таңдауы" жүлдесі 1-14 тамыз аралығында онлайн дауыс беру арқылы өтеді. Байқаудың жүлдеқоры - 1,2 миллион теңге. Жоба серіктесі - ERG компанясы. Жоба қорытындысы бойынша ең үздік жобалар ERG компаниясының кәсіпорындары жұмыс істейтін елдердің көрмесінде көпшілікке ұсынылады. Құрметті қазақстандықтар, болашақ ұрпағымыз бақытты өмір сүретін елді өздеріңіз бейнелеп, суреттей аласыздар. Бірге армандайық!
09 шілде 2019 ж. 851 0