Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Шошып кеттік": Елорда тұрғыны супермаркеттен сатып алған нанның ішінен мақта шыққанын айтты

"Шошып кеттік": Елорда тұрғыны супермаркеттен сатып алған нанның ішінен мақта шыққанын айтты

"Шошып кеттік": Елорда тұрғыны супермаркеттен сатып алған нанның ішінен мақта шыққанын айтты

Ажар отбасымен супермаркетке барып тауар алып қайтқан. Сауда жасағаны туралы электронды түбіртегі қолында. Әлеуметтік желіден, теледидардан азық-түлік ішінен түрлі дүние шыққанда мән бермейтін ол, өзі сондай жағдай тап боламын деп ойламаған екен,
«Негізі ол нанның жартысын жеп алдық. Қалған жартысын сенбі күні турағанда байқап қалдым. Мақта сияқты бір нәрсе шығып жатты. Тағы әрі қарай турасам, үлкен мақта болып шықты. Шошып кеттік», - дейді Ажар Саят.  
«Галмарт» супермаркет желісінің өкілдері болса, «мұндай фактіні естіп қатты таңқалдық» деп отыр. Болар іс болды, енді мақтаның нанның ішіне қалай түскенін анықтамақ.  
«Өзімізде шығатын өнімдердің жасалу технологиясы бойынша бізде жоғары деңгейде тексерулер, бақылау өтеді. Себебі бізде жеке санитар дәрігер бар, білікті мамандар жұмыс істейді. Әрине, мұндай жағдай болғаны өкінішті. Бұл сұрақ бойынша қазіргі уақытта тексерулер жүргізіп жатырмыз», - дейді Galmart супермаркеттер желісінің бөлім директоры Асылбек Махумдолда. 
«Бұл факт бойынша тексеріс басталып кетті. Расымен ондай қателік жіберілді ме, жоқ па анықтаймыз және қатаң шараларды қолға алатын боламыз. Біздің дүкенде мұндай жағдай бірінші рет тіркелді. Өзіміз ұқпай қалдық», - дейді супермаркеттер желісінің санитар дәрігері Сәуле Шынбаева.
Ара-тұра дүкендердің сөрелеріндегі өнімдердің құрамынан түрлі заттардың табылып жатқанын көріп-біліп жүрміз. «Осындай жайттардың алдын алу үшін қандай жұмыстар жасалады?» деген сұрақты санитарлық комитеттің басшылығына қойдық. Жандарбек Бекшин: «Сіздер арам пиғылға толы бәсекенің белгісіне алданбаңыздар», - дейді. Ол кісі мұндайдың талайын көрген екен.   
«Айтып жатқан адам бір затты көрсетеді. Ол сол ма, ол емес пе, Құдай біледі. Екіншіден, қолын ғана көрсетеді, бетін көрсетпейді, аты-жөнін айтпайды, мекенжайын айтпайды. Сондықтан саудагерлердің арасында да бәсекелестік бар. Осындай қара бәсекелестіктердің белгілері тіркеліп жатыр», - дейді ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин.
https://stan.kz
10 шілде 2019 ж. 821 0