Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтанда нөмірдің орнына "Өзімдікі" деген жазу қыстырып алған көліктің суреті желіде тарап кетті

Нұр-Сұлтанда нөмірдің орнына "Өзімдікі" деген жазу қыстырып алған көліктің суреті желіде тарап кетті

Нұр-Сұлтан қаласында көліктер нөмірсіз жүр. Көлік нөмірінің орнына «Өзімдікі» деген жазуды қыстырып алған автокөлікті жолаушының бірі суретке түсіріп, желіде жариялаған.

Желі қолданушылары нөмірсіз көлікті көшеде жайбарақат айдап жүрген жүргізушіні қызу талқыға салды. Сондай-ақ, кейбіреулері мұндай жазу үлгісіндегі нөмірлі автокөлікті жол полициясы қалай байқамағанын айтуда. 
Осы мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті баспасөз қызметі пікір білдірген еді. 
«Егер бұл бізде болса, көлік жүргізушісін анықтауға әрекет жасаймыз. Бұл мәлімет бойынша шара қолдану үшін толығырақ, бейнебақылау қарап шығамыз. Егер сурет рас болған жағдай болса, көлік жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылады», - дейді баспасөз қызметі София Қылышбекова.

https://stan.kz 

11 шілде 2019 ж. 830 0