Өзі де, дауысы да, қылығы да тәтті актриса Күнсұлуға қыздары ұқсаса деп армандайтын дос, бауыр, әріптестері өте көп. Бүгінде актрисаның отызға жуық кіндік баласы бар. «Кіндік шешенің міндеті аз емес қой. Оның екі дүниеде жауапкершілігі көп. Ол баланың дұрыс жүруі, тәрбиесіне де мән беру ата-анасынан бөлек кіндік әке-шешеге де жүктеледі. Ата-анасының қолынан келмеген кей материалдық, моральдық жағдайларға да қолдау көрсету кіндік әке-шешенің парызы секілді қалыптасқан. Көп адамдар кіндік анасы болсаңыз деп айтады. Бірақ, мен мәдениетті түрде бас тартамын», - дейді.