Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қасиетті менің Аралым

Қасиетті менің Аралым

Қасиетті менің Аралым,
Қасиетті демей не дейін?!
Әлемге атын танытқан,
Аштықта жүрек жалғаттың,
Көтеріп елдің мейірін.
Қасіретті менің Аралым,
Қасіретті демей не дейін?!
Алақан толмас су қалып,
Орныңда теңіз сор қалып,
Дертті болды ел деймін.
Қастерлі менің мекенім,
Қастерлі демей не дейін?!
Кіндік қаным тамған жер,
Ыстық қой маған туған жер,
Жерімді тастап кетпеймін,
Қасиетті менің Аралым!
Шолпан Жібекәлиқызы Балманова.
Арал қаласы

27 сәуір 2018 ж. 1 805 0