Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Теңізді аңсау

Теңізді аңсау

Тыныстап бірге таңдармен,
Айдынын су кернеген.
Толысып бірге түндермен,
Толқының қайда, тербеген?
Кеттің сен көзден тасаға,
Шарықтап ұшпай шағала,
Құстарың қонып жағаңа.
Базарын қайта құра ма?
Теңізім менің тағдырым,
Кеудеме толы жан сырым.
Аңсаумен теңіз айдынын,
Торлады жүзді қайғы–мұң.
Күтумен таңды атырып,
Күтумен күнді батырып.
Теңізім қайта тола ма?
Шағала ұшты шарқ ұрып.
Қаңырып қалды қайығың,
Жоғалды аң, құс, балығың.
Мұндай күйге түсердей,
Бар еді қандай жазығың?
Теңіздің соғып жүрегі,
Халқымның болғай тілегі.
Түле қайта Аралым,
Көк теңіз боп кешегі!.
Арал қаласы
Қызылорда облысы.
Шолпан Жібекәлиқызы Балманова.
27 сәуір 2018 ж. 2 229 0