Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі

Құс ғұмыр

Жаралы құс, жараланған қанатсыз ,Дейдi " достар менсiз қайда барасыз ?".
Қанаты сынған , ұшалмайды бұл күнде ,
Қалды артта мұң жамылып шарасыз .

Көзден ғайып болды көптiң қарасы ,
Жақын екен бармен жоқтың арасы .
Керек етпей тастап кеткендердi еске алса ,
Тырналады Тағдыр салған жарасы .

Кептерге дос болмаса да қарғалар ,
Жаралы құс күн көредi деп " барға бар "
Тұз несібен бiтпесе егер Алладан ,
Тағдыр заңы жыл артынан жыл жалғанар .

Асығып қыс артынан көктем келдi ,
Ескi достар оралды сағынып елдi .
Жаралы құс балапан күш жинаған ,
Əлсiз емес бұрынғыдай , мықты ендi .

Алла қалап жайды қанат, көкке ұшты ,
Жаралы құс жаратқаннан алды күштi.
Құласаңда тұрып жүгiр алға қарай!..
Өнеге қып өзiмiзге бұл құсты.

ГҮЛЖАН БАҚТИЯРҚЫЗЫ.
19 ақпан 2018 ж. 1 972 0