Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бізді қайтарсын деп айтыңызшы": Кенжебек Жанәбілов егіз қызының қандай киноға түсіп жатқанын айтты

"Бізді қайтарсын деп айтыңызшы": Кенжебек Жанәбілов егіз қызының қандай киноға түсіп жатқанын айтты

Белгілі әнші Кежебек Жанәбілов егіз қызының өнер жолына қадам басуына қарсы болғанын айтты. Алайда, өздері әкелерінің кешінде ән айтып, сахнаға шығып, өнерлерін көрсетіп жүрген бүлдіршіндер бүгінде киноға да түсіп үлгерген. "Мен оларды өнерге баулымадым. Шынымен де адамның қанынан келген нәрсе бәрібір ұрпағыңа да тарайды екен. Өзім өнер жолында жүргеннен кейін, қыз баланың өнер жолында жүргені қиын. Бармай-ақ қойсын дейсің. Қиын болғаннан кейін келмесе екен деп тіледім", - дейді Кежебек Жанәбілов. 
Кежебек Жанәбілов егіздерінің қандай киноға түсіп жатқаны туралы айтып берді. Әншінің қыздары күн түн демей киноға түсіп, өздерін актриса ретінде көрсетіп жүр. Жұлдызды әке үнемі қыздарына өнер жолының қаншалықты ауыр екенін ескертіп, кеңес беріп отыратынын айтты.
"Киноға ұсыныс түсіп, түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында ғана маған қоңырау шалады. Таңғы сағат алтыда кеткен түңгі сағат он екіде келді. Сағат ондарға таман "Әке, біз шаршадық, айтыңызшы бізді қайтарсын" деп хабарласып тұр. Сосын мен "Өнер жолы деген осы. Мен сендерді салған жоқпын. Бардың ба, аяғына дейін түсіп қайт" деп айттым. Түңгі сағат он екіде шай ішуге де, тамақ  ішуге де шамасы келмей ұйқтап қалды. "Ұстаз" деген фильмге түсіп жүр", - дейді Кенжебек Жанәбілов.
https://stan.kz
15 шілде 2019 ж. 1 031 0