"Өлгеннен кейін сүйегімді итке сүйреп таста": Тұңғышбай Жаманқұлов мерейтойын тойламағаны туралы

Мерейтойы тойланбай, ескерусіз қалған, қазақ киносы мен театрына еңбегі сіңген актердің өкпесі де жоқ емес. Алайда 70 жасқа толған кезде бірнеше адамның құттықтағанын жасырмады ол. Өнерге еңбегі сіңен қайраткер жасаған ісім бағаланбады деп өкінді.
"Менің 70 жас мерейтойым тойланған жоқ. Үкімет жағынан назар болмады. Бірақ, Қасы-Жомарт Кемелұлы, Дариға Нұрсұлтанқызы, Бердібек Сапарбаев телеграма жіберіп құттықтады. Бірақ, осынша өнерге еңбек етіп жүріп 30-40 таяу киноға түсіп, театрда 70-тен астам басты рөл ойнап, Абылайханды, Жәңгірді, Жәнібекті, Оразмергенді дүниеге әкелген ағамыздың жарқырап жатқан жолы бар екен деп тойлау болған жоқ", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.