"Қатты боямаңдаршы": Салтанат Бақаева өзін макияжсыз көрген жүргізушінің танымай қалғанын айтып ыңғайсызданды

Артынша салоннан шыққанан кейін ғана жүргізуші өнер иесін таныған. Үнемі боянып жүретін ол осыны айтып өкініш білдірді. Сөйтсе, әншіні бастапқыда танымай қалған өзінің тыңдармандарының бірі көрінеді. Көлік жүргізушісі бұл ісіне өкініп қалған. Алайда, бұл Салтанат Бақаева үшін үлкен сабақ болды. Енді әнші қатты боянбаймын деп шешім қабылдаған.
"Мен тіпті қасымда отырған көмекшімнен ыңғайсызданып, қой құрсын, танысын мені деген оймен, алдымен кепкамды одан кейін тіпті көзілдірігімді де шешіп тастадым! Енді танитын шығар деген оймен қонақ үйге де жеттік. Сол бойы танымады. Сосын сол таксист бізді салонға да, одан кейін тойға да апаратын болды! Мен танымады-ау, ең бастысы көмекшімнен ұят болды деп ыңғайсызданып салоннан шығып көлікке кіре бергенде ана таксист мені таныды. "Өлә, сіз Бақаевасыз ба?"- деді. Туу боянған соң ғана таныдыңыз ба деп ренжігендей болдым. Менің ренжігенімді көріп өзі ыңғайсызданып қалды.
А так өзімнің подписчигім екен. "Айтөтөңіз қайда?" - деген соң, көңілім орнына түсті. Содан кейін қатты боямаңдаршы дейтін болдым бүкіл визажистерге. Осындай жағдай. Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой деген екен. Сіздерге айтып сызып қойғаным ғой", - дейді Бақаева.