Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Өмірім саясат болып кеткен": Салтанат Бақаева күйеуі туралы айтып берді

"Өмірім саясат болып кеткен": Салтанат Бақаева күйеуі туралы айтып берді

Салтанат Бақаева күйеуімен қалай татуласатынын айтты

Салтанат Бақаева күйеуі Нұржанның түсіністігіне қайран қалатын көрінеді. Үнемі сенімді ақтауға тырысып жүретін өнер иесі жарының мақтауға тұрарлық адам екенін жасырмады.
"Нұрекенің түсіністігінің арқасында осылай жүрмін. Мұны жұмыс деп қарайды. Оның орнына өзімді қойсам, шыдамас едім. Ең бастысы оның маған деген сенімі. Сол сенімді ақтау үшін не істеп жүргенімді жарымнан жасырған емеспін", - дейді Салтанат Бақаева.
Бұрындары Салтанат Бақаева күйеуімен келіспеушілік бола қалса, үш күн сөйлеспей ренжіп жүретін болған. Алайда, уақыт өте келе қулық жасауды да үйреніп алған сыңайлы.
"Кейде мен "Ой, жан кешірші, мен қателесіп қалыппын" деп айтамын. Олай айту өзіме ыңғайлы, қажет нәрсемді шешіп аламын. Бір сөзбен айтқанда өмірім саясат болып кеткен", - дейді Салтанат Бақаева.
http://stan.kz
26 мамыр 2019 ж. 1 800 0