Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Өшпес махаббат" телехикаясындағыдай: Салтанат Бақаева мен күйеуі түрік актерлерін еске түсірді

"Өшпес махаббат" телехикаясындағыдай: Салтанат Бақаева мен күйеуі түрік актерлерін еске түсірді

Телехикаядағы түрік актерлерін еске түсірген Салтанат Бақаева мен күйеуі жұртты тәнті етті,

Салтанат Бақаева мен күйеуі Нұржан Жүнісов шетелде жүрген суреттерін жүктеп, отбасылық демалыстың әсерлі көріністерін жариялаған. Аппақ болып киінген жұп, түрік актерлерін еске түсірді. 
"Құрметті достар ораза айт қабыл болсын, лүпілдеріңізді аямаңыздар", - деп жазды Нұржан Жүнісов.
Бұны көрген жұрт Салтанат Бақаева мен күйеуін қайта үйленіп жатыр деп бағамдаған. Толассыз пікірлерді көрген Нұржан Жүнісов бұл жаңа клиптің түсірілімі екенін айтып, жағдайды түсіндіріп берді. Алайда жұрт жағымды пікірлерін жазып, бақыт тілеуді тоқтатпады.
"Бір жігітке тұрмысқа шыға бересіз бе?", "Сондай жарасымды жұп", "Кемаль мен Нихан, бақытты болыңыздар", "Жұғысты болсын", "Қандай күшті, көз тимесін", "Бақытты болып, балаларыңыздың қызығын көріңіздер", - деп жазды желідегі жұрт.

http://stan.kz
  

07 маусым 2019 ж. 1 660 0