"Бір қорқыныш бар": Салтанат Бақаева не үшін алаңдап жүргенін айтты

Халық пен биліктің арасына іріткі салып, елдің берекесін қашыратын адамдардың надандығына таңданды өнер иесі. Бақаева халықты шетелде отырып, ұрлығын жасап, арамдығын жүзеге асыратын оңбағандарға құлақ аспауға шақырды.
"Ал басқа мемлекетте отырып алып, xалықты қиын жағдайға итермелейтін адам қарсылас емес! Ол тіпті қазақ деген атқа лайық емес! Ұры ұрылығын еш уақытта тастамайды! Ондай адам тек өз басын ойлайды. Халыққа да басшымызға да қандай да бір шешімді ақылмен, сабырлықпен қабылдауын тілеймін" - деп жазды Салтанат Бақаева.