"Қалжың емес қой": Бақыт Сыздықова 60 кг салмақ жоғалтқанын айтып мақтанды

Бастапқыда бұндай әрекеттерге ашуланатын өнер иесі бүгінде жарнамаларға мән бермейтінін жеткізді. Өйткені адамдардың көзі ашық, көкірегі ояу. Сонымен қатар, Бақыт Сыздықова 60 кг салмақ тастағанын айтып мақтанды.
Бастапқыда мен бұл жарнамаларды көргенде қатты ашуланатын едім. Тіпті журналистер де бұндай жарнамаларға сенбеңдер деп шуласқан. Ал қазір маған бәрібір. Өйткені сіздер ғаламторға үнемі сене беруге болмайтынын білесіздер. Ал бұл жарнаманың авторларына менің шынайы дейін және кейін суретімді алу керек еді. Өйткені 60 кг салмақ тастау деген қалжың емес қой", - деп жазды Бақыт Сыздықова.