Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбан айтқа демалыс берілмейді

Құрбан айтқа демалыс берілмейді

Қазақстандықтар тамыз айында 10 күн демалады, ал Құрбан айт мерекесіне арнайы демалыс күні жарияланбайды.
Биыл Құрбан айттың алғашқы күні 11 тамыз, яғни жексенбіге түсіп тұр. Алайда мейрам ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды.
Жалпы тамыз айында Конституция күнін қосқанда қазақстандықтар 10 күн демалады.
Күнтізбе бойынша 30 тамыз – Конституция күні жұмаға түсіп тұр. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар жұмыс істемейді. Әрі қарай демалыс күндері болғандықтан, қатарынан үш күн демалады.
17 шілде 2019 ж. 1 324 0