Әділхан Макин "Славян базары" байқауынан алған 20 мың долларды қайда жұмсайтынын айтты

"Бұл жеңіске мен ата-анамның арқасында қол жеткіздім. Олар мені бағып-қағып, білім берді. Ақша мен үшін маңызды емес, ол су сияқты. Сондықтан мен оны анама сыйлағым келеді", - дейді Әділхан Макин.
Сонымен қатар, әнші болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, ендігі кезекте шығармашылығын мықтап қолға алатынын айтты. Жас талант әлі талай биіктерді бағындыратынын жеткізіп, ағынан жарылған.
"Жоспарымда - жұмыс, жұмыс және жұмыс. Үлкен дайындық жасап, көптеген әндер жазып, бейнебаяндар түсіруді ойға алып отырмын. Басқа да байқаулардан бой көрсетуге мүдделімін, әлемдік сахналарға шығып өнерімді паш еткім келеді. Бәрі алда. Жақсы жаңалық күтіңіздер", - дейді Әділхан Макин.