Толқын » Спорт » "Қызық болады": Петропавлда беттен шапалақпен тартып жіберуден жарыс өтеді
"Қызық болады": Петропавлда беттен шапалақпен тартып жіберуден жарыс өтеді
Петропавлда бейтаныс адамдар жиналып, бір-бірінің бетінен шапалақпен тартып жібермек. Алайда бұл төбелес емес, қалада, жалпы елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарыстың аясында өтеді.
Ерекше жарыс 8 маусымда қаладағы №26 мектептің маңында өтеді. Мұндай идеяның авторы – жергілікті тұрғындары Әділхан Шоқанов пен Сергей Швец. Жарыстың бірінші кезеңінде адамдар бір-бірінің бетінен шапалақпен тартып жіберсе, бір аптадан кейін өтетін келесі кезеңінде пенальтиден жарыспақ. Артынша басқа да шаралар өткізіледі. Жастар әзірге оның мән-жайын айтпады. Тек «қызық болады» деумен шектелді. «Қазіргі уақытта мұндай жарыстар үлкен танымалдыққа ие болған. Сондықтан қаламызда осындай жарыс ұйымдастыруды ұйғардық. Жарыстың нақты ережелерін ойлап таптық, әлеуметтік желілерде топтар құрдық», - дейді Әділхан. Сергейдің айтуынша, шапалақпен тартып жіберуден жарыстың ережелері қарапайым. «Біріншіден, қатысушылардың бәрінің жасы 18-ден асқан болуы тиіс. Екіншіден, бетінен шапалақпен тартып жібергенде алақаны емес, саусақтары тиюі тиіс. Бұл ешкім жарақаттанбас үшін. Ал жекпе-жек 5 кезеңнен тұратын болады. Солардың нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталады», - дейді Сергей. Ұйымдастырушылардың жоспарынша, жарыс кезінде сол маңда медицина қызметкері болады.