Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыр дертке шалдыққандарды шетелде емдету үшін бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінген

Ауыр дертке шалдыққандарды шетелде емдету үшін бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінген

Телеарна ақпараты бойынша, отандық клиникаларға медициналық көмек көрсету үшін сырттан білікті мамандарды шақыруға 220 миллион теңге қарастырылған. Қазір Қорға шетелде емделуді қажет ететін 121 науқастың құжаты қабылданған. Бірақ оның 30-ына Қазақстанда ота жасалатын болды. Ол үшін керісінше, дәрігерлер басқа жақтан шақыртылмақ. "18 жасқа дейінгі балалар арасында елімізде емделген, бірақ оң нәтижесін көрсетпеген жағдайда, біздің білікті, бейінді республикалық клиникалар деңгейіндегі мамандар бірлесе отырып, "осы науқас шет елде емделуді қажет етеді, біз өзіміздің елімізде тиісті көмекті көрсете алмаймыз" деген тұжырымға келген жағдайда осы мәселені қарастырамыз. Ал ересектер үшін арнайы бекітілген аурудың тізбесі бар", - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шетелде емделуді ұйымдастыру департаментінің аға менеджері Майра Бейсен.  Кеше Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың базасында Израильден шақыртылған дәрігер жүрек патологиясы бар балаларға ота жасауға кірісті. Джордж Френкель бір аптаның ішінде 10 шақты операция жасайды. Отандық дәрігерлер одан тәжірибе жинайды. Қазақстанға сегізінші жыл шақыртумен келген маман Қазақстанда ауыр операция жасауға барлық жағдай жасалғанын айтады. "Осы жолы біз өкпе артериясы қолқа тамырынан шыққан балаға операция жасаймыз. Ауру Тетрада Фалло деп аталады. Операция барлық жерде сирек жасалады. Мұндай науқастарға медициналық көмек көрсетілмесе, олар шетінеп кетеді", - дейді Джордж Френкель.
https://kaz.tengrinews.kz
19 шілде 2019 ж. 740 0