Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұршақ жаууы мүмкін: Алдағы күндері ауа райы қалай болмақ?

Бұршақ жаууы мүмкін: Алдағы күндері ауа райы қалай болмақ?

Синоптиктер 30 шілде мен 1 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Батыста және солтүстік-батыста жаңбыр жауады. Кей жерлерде нөсер жауын жауады. Күндізгі температура 17 ... 25 ° C-қа дейін төмендейді.
Тек республиканың оңтүстігінде ауа райы жаңбырсыз болмақ. Күн 35 ... 40 ° С-қа дейін ысиды. Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

stan.kz
29 шілде 2019 ж. 823 0