Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жыланның басы түрінде жасалған": Ақтөбеде ғалымдар Бекет-ата асатаяғын зерттеп жатыр

"Жыланның басы түрінде жасалған": Ақтөбеде ғалымдар Бекет-ата асатаяғын зерттеп жатыр

бекет атаБекет-атаның астаяғы қазіргі таңда Қоба ауданында тұратын ұрпақтарының қолында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеп.


Асатаяқ 16-17 ғасырларда жасалған. Демек, Бекет-ата туғанға дейінгі 100-150 жыл бұрын дайын болған. 
Қазіргі кезде жәдігер Қобда ауданында тұратын Бекет-атаның алтыншы ұрпағы Шектыбай Накеш Латыпұлының үйінде сақтаулы тұр. Әкеден балаға мұра болып келе жатқан асатаяқ болаттан жасалып, күміс өрнектермен әшекейленген. Жәдіргердің жоғарғы бөлігі жыланның басы түрінде жасалған және 950 сынамалы күміспен қапталған. Биіктігі 125 сантиметр.
Аңызға сүйенсек, XVIII ғасырда Бекет-ата шейх суфизм Бақырджан-баба медресесінде оқыған. Дәстүр бойынша, оқу аяқталғаннан кейін, Бақыржан баба киелі асатаяқты далаға лақтырған. Оны тапқан адам киелі асатаяқтың иегері болады. Асатаяқты іздеуге бабаның екі сүйікті шәкірттері - түрікмен Оғланды және қазақ Бекет аттанады. Оғланды бірінші болып қасиетті таяқты тапқанмен, оны тастан алып кете алмаған. Ал Бақырджан – баба суфия жолының мұрагері деп санаған Бекет еш қиындықсыз тастан асатаяқты суырып алады. 
2 тамыз күні Ақтөбеге Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының экспедициясы келіп, Бекет атаның мұрасын зерттеу үшін Қобда ауданына барған. Жылан тәрізді ою-өрнек бетінде арнайы сызықтарды арнайы лупаның көмегімен көруге болады. Экспедициялық топ осы бейнедегі өрнектермен және жазулармен танысып, зерттеу үстінде.
stan.kz
04 тамыз 2019 ж. 1 206 0