Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр имамдары біліктіліктерін арттыруда

Сыр имамдары біліктіліктерін арттыруда

Қызылорда қаласында облыс бойынша дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары басталды.
4 күнге созылатын курста мешіт имамдары мен теологтар Қазақстан тарихы мен мәдениеті, саясаттану, дінтану, Ислам және Православиелік Христиандықтың негіздері, Протестанттық және жаңа діни ағымдар, психология сынды пәндер, шешендік өнер негіздері бойынша республикамызға белгілі білікті мамандардан дәріс алады.
Олардың қатарында исламтанушы, теолог, PhD доктор, ҚМДБ Халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінің меңгерушісі Е.Оңғаров, психолог И.Беркімбаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығынің бөлім басшылары Ж.Аханов пен философия магистрі О.Гайко, Павлодар қаласындағы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Раздықова сынды мамандар бар.
Курс бағдарламасына сәйкес, алғашқы күні исламтанушы, теолог, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы «Қазіргі кездегі Ислам факторы. Исламофобия» тақырыбында дәріс өткізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
40 академиялық сағатқа созылатын оқыту семинарының соңында қатысушыларға біліктілік сертификаты табысталатын болады.
https://kyzylorda-news.kz/news/kogam/29930-syr-imamdary-blktlktern-arttyruda.html
20 тамыз 2019 ж. 636 0