17 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

1993 жылы Бейжіңде Қазақстан Республикасы Елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті.
2007 жылы Мемлекет басшысы «Каспий», «Тобыл» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
2010 жылы Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ-ның арасында Біріккен Ұлттар Ұйымының төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан өздерінде БҰҰ-ның қызметкерлері үшін визасыз режимді қабылдаған 26 елдің тобына қосылды.
2010 жылы Қостанайда Александр Сергеевич Пушкиннің ескерткіші ашылды. Ұлы ақынның мүсінін Қазақстанға Ресей Жазушылар одағы тарту етті. Қола мүсіннің авторы - мүсінші Николай Кузнецов-Муромский.
2010 жылы қазақстандық туризмді дамыту аясында Алматыдан солтүстік батысқа қарай 170 шақырым аймақта орналасқан ашық аспан астындағы «Таңбалы» музей-қорығының аумағында абаттандыру жұмыстары басталды. «Таңбалының» туристерді тартатын басты ерекшелігі тасқа қашап жазылған сурет ескерткіштер, петроглифтер. Музей-қорықтың тарихи, мәдени және ғылыми маңызы орасан зор. Мұндағы қол дәуірінен қазіргі кезге дейінгі 100-ден астам тарихи ескерткіштер тұтас археологиялық кешенді құрайды.
2011 жылы Баянауылда (Павлодар облысы) XVII-XVIII ғасырдың мемлекет қайраткерлері Шоң би Едігеұлы мен Шорман би Күшікұлына ескерткіш ашылды.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші-график Александр Ерашов «Үздік адамдар» халықаралық энциклопедиясының кейіпкері атанды.
2016 жылы қазақстандық боксшы Қанат Ислам Қазақстанды әлемге танытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» медалімен марапатталды.
https://www.inform.kz/kz/17-kyrkuyek-kazakparat-kuntizbesi_a3565890