Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім министрлігі көпбалалы аналарға арнайы квота бөлмекші

Білім министрлігі көпбалалы аналарға арнайы квота бөлмекші

  
Білім және ғылым министрлігі көпбалалы аналар үшін білім алуға квота бөлуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Басылымның мәліметінше, министрлік халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында көпбалалы, толық емес, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған аналар үшін білім грантын беру бойынша квота бөлуді көздеуде.
Аймағамбетов мәжілісте "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстыру барысында квота туралы сөз қозғады.
"Көпбалалы аналар үшін арнайы квота болады деп жоспарлап отырмыз. Егер олар жоғары білім алу үшін оқуға түскісі келсе, оларға квота бөлуіміз керек. Қазір масылдыққа жол бермеу, жұмысқа тарту жайлы көп айтып жүрміз ғой. Осы тұрғыдан алғанда, бұл маңызды іс-шара деп ойлаймыз", - деді министр.
Оның айтуынша, квота бөлу кезінде конкурстық іріктеу қағидаты сақталады.



19 қыркүйек 2019 ж. 943 0