Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 1 ҚАЗАН

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 1 ҚАЗАН

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)
Тәуекелге бармаңыз. Себебі сәттілік серік болмайды. Оның орнына қолайлы сәтті күткеніңіз абзал.

Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)
Сізге тиімді ұсыныс жасалуы мүмкін. Барлық себеп-салдарын, болжамды нәтижесін таразыға тартып, ой елегінен өткізіңіз.
 
Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)
Таң атқаннан сәтсіздіктерге ұшырауыңыз мүмкін. Жаңа жобаларға келісім беруге асықпаңыз. Нәтиже күмәнді болуы мүмкін.
 
Шаян (22 маусым – 22 шілде)
Сенімді адамдарға ғана иек артыңыз. Қажеті жоқ байланыстардан бас тартыңыз. Мақсатыңызға жетуге ешкімнің кедергі жасауына жол бермеңіз.

Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)
Бүгін сәттілікке сенуге болмайды. Серіктестеріңізбен арада түсініспеушіліктер туындауы мүмкін. Жаңа таныстар пайда болуы ықтимал.
 
Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)
Жаңа жобаның табыс әкелетініне сенімді болмасаңыз ақша құюға асықпаңыз. Біраз уақыттан кейін одан да пайдалы ұсыныстар болуы мүмкін.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Жаңа істерге бүгін кірісудің қажеті жоқ. Оның орнына бұрынғы істеріңізді аяқтаңыз.

Сарышаян ( (23 қазан – 21 қараша)
Сақтықта қорлық жоқ. Әр іске мұқият болыңыз. Бүгінгі әрекеттеріңіз болашағыңызға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Сіздің жетістігіңіз сіздің қолыңызда.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Бүгінгі күнді тыныштықта өткізуге тырысыңыз. Ешкіммен жанжалдаспаңыз. Аяқтауыңыз керек істерге ден қойыңыз.
 
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Сабырлы болыңыз. Жауапкершілік пен адалдық барлық ісіңіздің берекесін келтіреді.
 
Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)
Ешкімге сенбеңіз. Әр ақпаратты тексеріп алған абзал. Ертеңгі күн сәттілік әкеледі.

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)
Өзіңіз дұрыс деп тапқан дүниені жасаңыз. Өзіңіз сенімді болған іске ғана кірісіңіз. Ешкімге жолыңыздан тайдыруға рұқсат етпеңіз.
http://reactor.inform.kz/kz/zhuldyz-zhoramal-1-kazan-a79667
01 қазан 2019 ж. 1 211 0