Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

10 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

Бүкіләлемдік жүйке саулығы күні
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Бүкіләлемдік жүйке саулығы федерациясының шешімімен 1992 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.
Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күрес күні
2003 жылы өлім жазасына тыйым салу бойынша дүниежүзілік коалиция бекітті. Дүниежүзілік коалицияға 120 құқық қорғау ұйымы кіреді. Оның басты мақсаты - әлемдегі өлім жазасын жою. Дүниежүзілік көз жанарының күні
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен қазан айының екінші бейсенбісінде тойланады. Бұл мереке күнтізбеде зағиптықтан, көз жанарынан айрылудан сақтану мен оны емдеу негізінде белгіленген болатын. Халықаралық көз жанарының күнінде осы проблемаларға қатысты түрлі іс-шаралар өтеді. Сонымен қатар бұл күн «Көріну 2020: көзге еркіндік» деген халықаралақ зағиптықтан сақтандыру агенттігінің де негізгі мерекесі болып есептеледі.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты ел дамуының стратегиялық жоспары болып табылатын еңбегі жарық көрді.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау нәтижесінде депутаттар алғаш рет партиялық тізім арқылы да сайланды.
2003 жылы «Қазпошта» АҚ «Әлем діндері. Діни ғимарат» көркем пошта маркалары шығарды. Екі марка да әлем діндеріне арналған үлгінің алғашқысы болды. Онда Қазақстанда кең таралған екі діннің символы бейнеленген: Алматы орталық мешіті мен Вознесенский кафедралық соборының ғимараты. Екі марканың да таралымы 70 мың, номиналы – 50 теңге.
2011 жылы Қарағандыда Қазыбек би ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторы - астаналық мүсінші Мұрат Мансұров. Қоладан жасалған мүсіннің биіктігі 6 метр. Ол 8 метрлік тұғырға қойылды.
2013 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ЮНЕСКО атқарушы кеңесінің 192-сессиясының аясында Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Ә.Ысмайыловтың шығармашылық мұрасы қазақ бейнелеу өнерінің «алтын қорына» енгізілген.
2013 жылы Омбыда «Қасқат ауылының қазақтары: Батыс Сібірдегі қазақ тұрғындары мәдениетіндегі инновация және дәстүр» монографиясы жарыққа шықты.
2014 жылы Қазақстанның «Қазбат» бітімгерлік батальонының екі офицері Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясына бақылаушы ретінде жіберілді.
БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес, әскери бақылаушылардың басты міндеті - патрульдеу, бақылау және жағдай туралы есеп беру. 2016 жылы Қазақстан, Әзербайжан және Грузия Транскаспий халықаралық көлік маршрутының халықаралық қауымдастығын құрды. Ұйымның кеңсесі Астана қаласында орналасты.
2016 жылы Иордания королі ІІ Абдалла Қазақстан Республикасы Президентінің «Ядролық қарусыздану мен қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін» халықаралық сыйлығының тұңғыш иегері атанды.
2017 жылы Шымбұлақ 2017-2018 жылғы қыс маусымында ТМД-дағы ең танымал тау-шаңғы курорты атанды.
2018 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алтыншы съезінің ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ватиканның папалық кеңесіне «Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін» бірінші сыйлығын табыс етті.
https://www.inform.kz/kz/10-kazan-kazakparat-kuntizbesi_a3572799
10 қазан 2019 ж. 657 0