Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – Дүниежүзілік жүрек күні

Бүгін – Дүниежүзілік жүрек күні

Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен 2011 жылдан бері 29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, бұл атаулы күн әлемдегі жүрек-қантамыр ауруларының өсімімен байланысты қоғамдағы қауіпті түсінуге, сондай-ақ халықтың барлық тобында ишемиялық аурулар мен ми инсультына қатысты профилактикалық шараларды бастауға бағытталған.
Жүрек-қантамыр аурулары және инсульттың пайда болуының қауіп факторлары жоғары қан қысымын, қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін, темекі шегу, көкөністер мен жемістерді жеткілікті тұтынбау артық салмақ, семіздік пен физикалық енжарлыққа алып келеді. Мамандардың айтуынша, созылмалы күйзеліс және мазасыздық жүрек-қантамыр ауруларының қоздырғышы саналады. Жүрек-қантамыр ауруларының дамуына әкелетін залалды өмір салты көбінесе бала жасында және жасөспірім кезеңде қалыптасады. Өсе келе жүрек-қантамыр ауруларының пайда болу қаупі арта береді. Сондықтан, профилактикалық әрекет етуді бала кезден бастау керек.
Сондай-ақ, Гиппократ айтқандай, «гимнастика, дене жаттығулары, жаяу жүру жұмысқа қабілетті, денсаулығын және толыққанды өмірін сақтап қалғысы келетін әр адамның күнделікті тұрмысына енуі керек».
«Қазіргі заманда аурулар мен оларды дамытатын қауіп факторларын ерте анықтау үшін күйзеліспен күресіп, экологиялық нашар жағдайда денсаулықты сақтап қалу үшін тұрақты медициналық тексеруден өтетін денсаулық мәдениетін дамыту қажет», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Дүниежүзілік жүрек федерациясының деректері бойынша, салауатты өмір салтын ұстану, темекі шегуді бақылау, дұрыс тамақтану және физикалық белсенді болу арқылы инфаркт және инсульттан болатын мерзімінен ерте өлім жағдайларының 80%-ының алдын алуға болады.
https://www.inform.kz/kz/bugin-duniezhuzilik-zhurek-kuni_a3570281
29 қыркүйек 2019 ж. 899 0