Дәрігерлер тұздың зияны туралы мифке қарсы шықты

"Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі тұзды тұтыну мен жүрек-қан тамырлары аурулары мен өлім-жітім арасындағы байланысты зерттеген ғылыми жұмыстардың көпшілігіне толығымен сәйкес келді. Олар да біз секілді "тұз аз мөлшерде де зиян" деген кеңінен таралған жағымсыз пікірді қолдамайды", - деп мәлімдеді Канадалық Макмастер университетінің профессоры Салим Юсуф.
Оның айтуынша, күніне алты грамнан көп тұз тұтынғанда ғана денсаулыққа зиян тиюі мүмкін.
Юсуф, сондай-ақ, жүрек-қантамыр жүйесіне жақсы әсер ететін пайдалы заттар жемістер мен көкөністерде ғана емес, жаңғақ, сүт өнімдері мен қызыл етте де бар екенін атап өтті.
https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/dargerler-tuzdyin-ziyanyi-turalyi-mifke-karsyi-shyiktyi-300919/