Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

21 қазанға арналған жұлдыз-жорамал kyzylorda-news.kz
Тоқты
Жұмысқа жанашырлығыңыз бен біліктілігіңіз өз жемісін береді. Әріптестеріңіздің ақыл-кеңесіне жүгініңіз, олардың қолдауынан бас тартпаңыз. Сонда ғана қателіктерге бой алдырмайсыз. Жұмысыңыз нәтижелі болмақ.

Торпақ
Жолыңыз болып, сәттілік серігіңізге айналады. Бүгінгі күніңіз көпке дейін есіңізде сақталып, қай істе де ісіңіз алға басады. Ішкі түйсігіңізге сүйеніңіз. Сонымен қатар ең сенімді адамдарға ғана үміт артыңыз.

Егіздер
Күннің екінші жартысында өз мүмкіндіктеріңізді талдап-таразылайсыз. Жаңа таныстар немесе дәл қазіргі жағдайыңыз болашағыңызға әсер етеді. Сіз дәл қазіргі сәтте өзіңізге махаббат пен рухани ізденіс маңыздырақ деп табасыз.

Шаян
Ақша жинауға, лауазымды тұлғадан көмек сұрауға өте қолайлы күн. Бүгін сіз өз болашағаңыздың іргетасын қалауыңыз мүмкін. Егер ашуға беріліп, кикілжің тудырар босаңыз өз болашағыңызға балта шабатыныңызды ұмытпаңыз.

Арыстан
Айналаңыздағы адамдармен тез тіл табысасыз. Сонымен қатар бүгін ақкөңілділік, жомарттық танытасыз. Соның арқасында жақындарыңыз сізді мақтан тұтып, сіздің айналаңызға жиналады.

Бикеш
Қызғаншақ болмаңыз. Барлығын жақсы жағынан ойлауға тырысыңыз. Өзіңіздің қатеңізді өзгелерге жабуға тырыспаңыз. Жеке өміріңізге біраз өзгерістер әкелетін жаңалық естейсіз.

Таразы
Қаржылық жағдайыңызды жақсартасыз. Материалдық жағдайыңыз туралы серіктесіңізбен отырып ақылдасыңыз. Басшылықпен қарым-қатынасыңызды жақсарта түсіңіз. Сонда ғана қызметте жоғарылайсыз, ісіңііз алға басады.

Сарышаян
Серіктестермен, әріптестермен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Аздаған келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Бірақ барлығын жақсарту өз қолыңызда. Өз ісіңізге жауапкершілікпен қараңыз.

Мерген
Киім-кешегіңізді жаңартқыңыз келеді. Сондай-ақ өзіңіздің сырт келбетіңізге мән беріп, косметолог маманның көмегіне жүгінуді жөн көресіз. Алайда аллергия тудырып алудан сақтаныңыз.

Тауешкі
Өзге түгіл өзіңізге сенбейсіз. Өз қабілетіңізге сенімсіздік танытасыз. Өзіңізді көп қинамаңыз. Ол үшін жұмысты ескі тәсіл бойынша атқарып, бар шаруаны тез атқаруға тырысыңыз.

Суқұйғыш
Лауазымды тұлғаның немесе достарыңыздың көмегіне жүгіну арқылы табысқа қадам жасайсыз. Кез келген іске білек сыбана кірісе беріңіз. Алайда әр ісіңізді әбден ой елегінен өткізіп алыңыз.

Балықтар
Бүгін сіз дұрыс, әрі нақты шешім қабылдайсыз. Алдағы күндерді аздап болжайтындығыңыз бар болса, бүгін ғарыштан «ақпарат» аласыз. Рухани іспен айналысатындар күш-қуатын тепе-теңдікте ұстап, қажетті құпия білімге ие болады.
21 қазан 2019 ж. 515 0