Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Желтоқсан айы жайлы деректер

Желтоқсан айы жайлы деректер

Желтоқсан – жыл мезгілінің соңғы, қыстың алғашқы айы. Бұл айдың атауы түркі сөздерінің бірігуінен пайда болған деп хабарлайды massaget.kz.
«Жел» және «тоқсан» сөзінің мағынасы 3 ай жел, боран деген мағынаны білдіреді. Қыстың алғашқы айы ретінде түріктер желтоқсанды «жел айы», «тоқсан айы» деп те атаған. Желтоқсанды «мандарин айы» деп атаушылар да көптеп кездеседі.
Жаңа жыл мерекесінде әр дастарханнан орын алатын сары жемістің атауын айдың атымен алмастыруға да болатын сияқты. Дәл осы айда әлемнің көптеген еліне Марокко мемлекетінен соңғы піскен мандариннің жаңа партиясы жөнелтіледі. Бағасы да арзан, дәмі де ерекше бұл жемістің адам денсаулығына пайдасы көп. Бірақ, бұл жемісті мөлшерден тыс тұтыну асқазанға кері әсерін тигізуі мүмкін.


02 желтоқсан 2019 ж. 1 409 0