Зейнеткер 50 мың емен бөлшегінен «Фольксваген-жук» көлігін құрастырып шығарған

Зейнеткер осындай ерекше шедеврді жасап шығару үшін екі жылдан астам уақытын сарп еткен.
Автомобильдің шанағы еменнің мыңдаған бөлшегінен құралған, әрбір бөлшекті жасап шығару үшін кемінде 23 жекелеген процедура жасалған. Көліктің рөлі, берілісті қосу рычагы, қалпақшалары, терезе тазартқышы мен радиосына дейін толығымен ағаштан жасалған.
"Фольксваген-жук" – автомобиль тарихындағы көп тараған жеңіл көлік әрі неміс концернінің мақтанышы.