Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ақша ағашының» да шипасы бар

«Ақша ағашының» да шипасы бар

Бүгінде «Ақша ағашы» деп аталатын өсімдікті көп үйден кезіктіруге болады. Яғни оны үйге ақша шақырады деп өсіреді. Бұдан бөлек, оның бактерияға, вирус­қа, қабынуға қарсы да әсері зор екен. Білетіндер бұл жөнінде былай дейді:
 
«Үйде біреу сыр­­қат­тана қалса, бөл­медегі  ақша ағашының ахуалы нашарлай бастайды. Яғни ол зиянды қуатты өзіне тартады, солып, жапырағы түседі. Адам сауыққан кезде оның жағдайы да жақсара бастайды».
 
Осыған орай гүл өсірушілер мынадай рецептер ұсынады:
 
Ақша ағашы ерінге ұшық шыққанда (герпес) пайдалы. Ол үшін бірнеше  жапырағынан шырынын сығып алып, бүлінген жерге әр 30 минут сайын қойып тұру ке­­рек. Шырынды матаға сіңіріп, оны бүлінген жерге «пластырьмен» бекітіп қойса да болады.
 
Ангина, тонзиллит мазалағанда 10 жапырағынан сығылған шырынға 200 миллилитр су араластырып, онымен тамақты күніне 3-5 рет шайып тұрған дұрыс. Таңертең тамақтан 1 сағат бұрын 2 жапырағын әбден шайнап жеу керек.
 
Оны пиелонефрит, циститке де қарсы пайдалануға болады. 5 жапырағын уақтап, үстіне 200 миллилитр ыстық су құяды, сосын 1 сағат тұндырып, сүзіп алады. Күніне 1 ас қасықтан, 3 мезгіл, тамақтан 15 минут бұрын ішеді.
 
Артрит, артрозға қарсы қолдану: 10-15 жапырақтың шырынын сығып, бүлінген буынға ұйқыға жатар алдында жақпа май есебінде қолданады.
 
Ақша ағашының жапырағын тіліп, геморройға қолданса, көмектеседі.
 
Жарақат, жара, күйік, сіңір созылуы, соққы әсерін жою кезінде де ақша ағашының жапырағынан ботқа жасап, зақымданған жерге жағу, үстінен дәкемен бекіту керек. Әр 2-3 сағат сайын (кебуіне қарай) таңғышты алмас­тырып тұруға болады.
 
ЕСКЕРТУ: Ақша ағашында мышьяк көп, сондықтан одан жасалған тұнбаны тым көп ішуге, жалпы, оны шамадан тыс қолдануға болмайды. Осыны ұмытпаңыз!
 
Б. РЫСҚҰЛ
02 сәуір 2018 ж. 6 208 0