Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауырсынуды басатын дәрілердің зиянды екені анықталды

Ауырсынуды басатын дәрілердің зиянды екені анықталды

Ұлыбританияның Эдинбург университетінің ғалымдары парацетамол мен ибупрофен дәрісінің жүктілік кезінде құрсақтағы сәбиге зиянын тигізетінін анықтады.

Ғалымдар бұл екі дәрінің адам эмбриондарының ұрықтары мен тіндеріне әсерін тексерді. Дәрі саларынан бір апта ішінде жыныстық гаметінің прекурсорлары саналатын желімдік жасушалардың саны азайғаны анықталған.
Парацетамол жаушалар санын 40 пайызға, ибупрофен 50 пайызға азайтқан. Соның салдарынан қыз балалардың жұмыртқа жасушалары азайып,етеккірдің ерте тоқтауына әкеледі. Әдетте әйелдердің етеккірі 49-50 жаста тоқтауы тиіс. Ал, дәрінің зиянынан ұл балалардың ұрығы азайып кетеді.
Мамандардың кеміргіштерге жасаған зерттеуіне сәйкес, тышқандардың ұрық саны дәрі әсерінен 17 пайызға азайған.
Stan.kz
17 сәуір 2018 ж. 1 530 0