Шымкентте асылып өлген ұстаз ісінде жаңа деректер пайда болды

Такирхан Әбішевтің достары мен әріптестерінің айтуынша, ұстаздың отбасында осы уақытқа дейін бір адам өзіне қол салып өлген. Марқұмның туған ағасының қайтыс болғанына бір жыл да толмаған. Себебі әлі анықталмады.
Естеріңізге сала кетсек, 28 жастағы Такирхан Әбішев сыныптардың бірінде өлі күйінде табылған. Оны бірінші болып 11-сынып оқушылары тапқан. Әріптестерінің айтуынша, күндіз Такирханның көңіл-күйі жақсы болған. ОҚО ІІД хабарлауынша, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Baq.kz