Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданында аңшыны іздестіру жалғасуда

Арал ауданында аңшыны іздестіру жалғасуда

Арал ауданындағы Қаратерең елді мекенінде 1974 жылы туған Ақтөбе қаласының тұрғыны – аңшының жоғалып кетуіне орай іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстары «Көкарал» шлюзінің плотинасынан басталды. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы Өрт сөндіру қызметі Жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника, жергілікті полициядан 8 қызметкер 2 техника және аудан әкімдігінен 5 қызметкер 2 техника жұмылдырылды.Қазіргі уақытта шлюзден 30 шақырым жерде іздеу жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар көл маңайындағы батпақты жерде жаяу жүріп жұмыс жүргізуде. Іздеу операциясы күн батқанға дейін жалғасады.
Бұған дейін 2020 жылдың 27 қазанында 3 аңшы Арал ауданы Қаратерең елді мекені, Арал теңізіне қарай құс атуға шыққаны белгілі болды. Бірнеше сағаттан кейін аңшылардың бірі жоғалып кеткен. Қасындағы достары оны іздеуге шыққан. Келесі күні де сол маңда аңшылықта жүрген аңшылардан көмек сұрап, олар да бірге іздестірген. Алайда, өз бетінше іздестіру еш нәтиже бермеген.
kyzylorda-news.kz
30 қазан 2020 ж. 1 174 0