Елбасының өмірге келгені туралы аңыз әңгіме
Негізі, қол бастаған көсемдерді, сөз бастаған шешендерді Табиғат-Ананың өзі ерекше жаратылыспен толғатып туады деген рас болса керек.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – анасы Әлжанның алдыңғы көтерген құрсақтары шетінен шетіней беріп, ері Әбіш екеуінің ұзақ уақыт бір перзентке зар болып жүргенде көрген тұла бойы тұңғышы. Жаратқанның зарықтырып барып сыйлаған ерекше қызығы. Оның өзі жатқан бір терең сыр. Баласы мен келінінің сәби сүйе алмай жүргені, олардан бұрын өзінің жанына қатты батқан Тетебала әже келіні Әлжанды қасиетті Райымбек бабаның басына апарып, тәу еткізгенді жөн санайды.
Сөйтіп, бар білгенін баласы мен келінінің құлағына құйып, Алматыға ақ жолға аттандырады. Ақ атанды аруақты батырдың басына зиярат етіп, шаңырағына оралған күні түнде Әлжан ана түс көреді. Шалқып тасыған, шет-шегі жоқ көлбеген көк теңіз екен дейді. Бір ғажайып күштің жебеуімен суға түседі. Жып-жылы суды жалдап жүзіп келе жатса, су астында бірдеңе қарауытқандай болады. Еңкейіп қолына алса, екі басы еңкейіп жерге тиген ұп-ұзын мылтық. Қуанып кетіп, еріне апарып бермек болып асығып келе жатқанда оянып кетеді. Бұл таңғажайып түсті енесі: «Қарағым, Құдай ақ тілеуіңді беріп, еркек кіндікті болады екенсің. Ол тегін бала болмайды, елдің ұлы болады» деп жақсылыққа жориды. Ақ әженің айтқаны айдай келіп, тоғыз ай тоғыз күнде шекесі торсықтай сәби өмір есігін ашады. Сол жылдың 6 шілдесінде Пайғамбардың туған күні – Мәуліт күні екен. Бір ерекшелігі, балпанақтай нәресте алғашқыда тыныс алмапты. Дәрігерлік шаралар көрсетілген соң, шар етіп жылағаны бүкіл перзентханаға жайылыпты. Таразыға салып өлшеген екен, салмағы 5 келі 100 грамм тартыпты.
Осылайша, Шамалғандағы Назарбайдың құтты шаңырағында ақ түйенің қарны жарылған той болады. Шілдеханаға ой мен қырдан құрметті қонақтар жиналады. Ат шаптырылып, көкпар тартылады. Үшқоңыр жайлауы әсем ән мен күмбірлеген күйге бөленеді. Тетебала әже мойнына бұршақ салып, Құдайдан сұрап алған немересіне ырымдап «Нұрсұлтан» деген есімді өзі телиді.
…Шамалған – Үшқоңырға барған қонақтар қия беткейі құлпырып тұрған тау етегіндегі бүкіл бір елдің ұраны болған Қарасай батырдың қара босағасына атбасын тіремей кетпейді. Бірде біздің де жолымыз түсті. Атақты қолбасшы Қарасай батырдың сақталып қалған қара босағасы мен маңдайшасын тікелей ұрпағы Асқар Тоқтамысов деген ініміз кие тұтып, қастерлеп отыр. Бұл қарашаңырақтан құран бағыштаған жұрт үзілмейді. Қазақстан президенті осы бабасының босағасына жиі бас сұғып тұрады екен. Дәл қасында елбасы салдырған Қарасай батыр атындағы мешіт бар. Осы Қарасай батырдың «Қызыл шұбар жолбарысы» ұрпақтарына ауысқан делінеді. Соның бірі – Сұраншы батыр көз жұмған соң, киелі қызыл жолбарысы Сарыбай биге ауысып, Қыдыр босағасына келісімен-ақ Сарыекеңнің абырой-даңқы аспандап жүріп беріпті. Шапыраштының бас биі болып сайланыпты. Оң жақ тізесіне бүкіл қазаққа аты шыққан ақындары, сол жақ тізесіне дуылғалы батырлары отырған Жетісу елінің қадірлі сөз ұстары атаныпты.
Сарыбай би қайтыс боларда Жамбылды шақырып алып, ақ батасын беріпті. Ал атақты Жамбыл атаның өзіне ғана көрінетін, тарыққанда, қиналғанда қасына жататын «Қызыл жолбарысы» болғаны белгілі. Жыр алыбы топты ортаға түсіп жырлағанда, «Қызыл жолбарысы» жанына келіп жантайған сәтте, ақынның көкірек көзі ашыла түседі екен. Жүз жасаған ақын баба Алматы ауруханасында бақи дүниеге кетерде, өмір бойы өзін желеп-жебеп келген қызыл жолбарысы қанша шақырса да қайырылмай, кешкісін батысқа қарай кетіп қалады. Үш рет айқайласа да, өмір бойы киесі, пірі болған жолбарыс артына қарамайды. Сол күні Жамбылдың алып жүрегі соғуын тоқтатыпты. Қарасай батыр мен Сұраншы батырдан «Жырдың қызыл жолбарысы» атанған Жамбыл бабаға жеткен сол киелі қызыл жолбарыс қайда кетті? Ешқайда кетпеген, сол шыққаннан Назарбайдың Әбішінің қара шаңырағына тоқтап, киіз үйдің көлеңкесіне келіп жатыпты. Бес жастағы Нұрсұлтан босағада жатқан қызыл жолбарыстың қасына барып, құлағынан тартып, маңдайынан, арқасынан сипаған екен. Ал жолбарыс баланың аяғын жалап, қолын иіскепті. Еркелеп, құйрығын бұлғаңдатқан.
Сол күндері Тетебала әже түс көріпті. Түсінде немересі Нұрсұлтан ақбоз арғымаққа мініп, ақша бұлттың үстінде құйғыта шауып барады дейді. Ақ әже келешекте бала халық құрметтейтін, көш бастайтын үлкен азамат болады екен деп жорыпты.
«Жақсы түс – жарым ырыс», ал «жақсы есім баланың жолын ашады» дейді, шынында да Алланың қалауымен, ананың ақ жарқын тілеуімен өмірге келген ақжолтай ұл – Нұрсұлтан әлемге ақ шуақты нұрын шашқан, ақыл-ойымен жаһан жұртын еріксіз баураған патша-сұлтан болды. Ақылына келбеті сай елбасының ұлтының ұлы мұраты жолындағы асқақ та шапағатты істері әлем жұртын таңқалдырған үстіне таңқалдырып келеді.
stan.kz