Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кей адамның аяқ-қолы неге мұздайды?

Кей адамның аяқ-қолы неге мұздайды?

Кей адамдардың қысы-жазы аяқ-қолы мұздап жүретіні бар. Бұл ағзадағы қан айналымының нашарлығынан. Мұндайда тамырлар тез тарылады. Дегенмен мұндай ерекшелігі бар адамдарға  проблеманы жеңудің  жолы жоқ емес.
Ол үшін, біріншіден, кеңірек киім кию керек. Мысалы, бір өлшем артық аяқ киім, сәл кеңдеу көйлек жақсы. Яғни дене мен киім арасында жылы ауа қабаты пайда болғаны дұрыс, ол денені жылытады.
Өткір дәмді азықтар да пайдалы. Олар тамырды кеңейтеді, жүректің қанды белсенді түрде айдауына жол ашады, сол арқылы қан айналымы жақсарады, дене қызуын көтереді. Ащы келімдәріде тамыр қабырғаларын нығайтып, қан ұюының алдын алатын А және С витаминдері бар. (Темекі, ішімдік, кофеиннен бас тартыңыз, олар тамыр­ды тарылтады, алкоголь ағзаны сусыздандырады). 
Балық пен жапырақты көкөністер де мұндай адамдарға пайдалы. Балық майы мен ниацин қо­сыл­ған, құрамында темір бар азықтар мен биологиялық белсенді қоспалар тамырды кеңейтіп, қан айналымының қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. 
Ағзада су тепе-теңдігі сақталғаны абзал.  Өйткені судың дене темпертурасын қалыпты ұстауға, оның қан айналымына да жәрдемі мол.
Адам көбірек қимыл-қозғалыста болғаны дұрыс. Аяқ-қолы мұздайтындар көшеден ішке кіргенде бірден диванға жайғаса салмағаны дұрыс. Әсіресе бұл семіз адамдарға қатысты. Өйткені оларда қан айналымы нашар.
Жалпы, аяқ-қолдың үнемі мұздап жүруі – қан айналымы нашарлығының айқын белгісі. Онда анемия, артерия тамырының бір аймағында тұйықталу немесе басқадай проблема болуы мүмкін. Алаңсыз жүре бермей, дәрігерге тексеріліп, тиісті ем-дом, кеңес алған абзал.
zamana.kz
16 мамыр 2018 ж. 4 633 0