Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сіз туған жыл мінезіңіз туралы не айтады?

Сіз туған жыл мінезіңіз туралы не айтады?



1. Тышқан жылы туылғандар 

Олар үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш. 

2. Сиыр жылы туылғандар 
Ұстамды келеді. Туғантуыстарының, өзінің қайғысына қатты күйзеліп, кімге болсын көмегін аямайды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қа-райды. 

3. Барыс жылы туылғандар 
Қызба мінезді, ашулан-шақ, басқаға билік жүргізгенді ұнатады, ешнәрсеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, ренжітіп тастайды. 

4. Қоян жылы туылғандар 
Қорқақ. Кезкелген нәрседен үрейленеді, сыр сақтауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл-күйіне қарай әрекет ететін жан. 

5. Ұлу жылы туылғандар 
Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тырысатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үнсіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады. 

6. Жылан жылы туылғандар 
Сырт көзге ұяң, маңыз-ды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Шамы-на тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландар-дан аулақ жүр. 


7. Жылқы жылы туылғандар 
Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным тап-пайды. Әйтеуір, күні бойы тыпырлап, мазасыз күй кешеді. 

8. Қой жылы туылғандар 
Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қауіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы. 

9. Мешін жылы туылғандар 
Олар - өзіне-өзі ғашық жандар. Сәнқой, ырду-дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден артық санайды. 

10. Тауық жылы туылғандар 
«Үйкүшік». Үй-үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік. 

11. Ит жылы туылғандар 
Мінезі сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда еш-кімге зияны жоқ. 

12. Доңыз жылы туылғандар 
Оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқанды ұнатады. Көп нәрсеге басын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.

reactor.inform.kz
19 маусым 2018 ж. 22 714 0