Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 12 шілде

Жұлдыз жорамал: 12 шілде



Балықтар


Балықтардың басқа адамдарға бақыт сыйлап, көңіл күйлерін көтеріп, бірақ өздерінің мұңдарын ешкіммен бөліспейді. Өйткені басқа жандарға айтып, олардың көңіл-күйлерін түсіргісі келмейді. Балықтар осындай! Адамдарға ұнайтын қылығы осы. Өте керемет. Жәй ғана бағалай біліңіздер!

Суқұйғыш

Суқұйғыштар біреу жақсы көретін шығар, біреулер ғашық болатын да шығар, бірақ суқұйғыштардың жүрегі тек бір жанға арналған. Оған кім лайық екенін Суқұйғыштар жақсы біледі)

Тауешкі

Тауешкілер сөз беріп оны орындамай кететіндерді, басында сүйем-күйем деп, кейіннен тастап кететіндерді, үміт сыйлап кейіннен жоқ болып кететіндерді мүлдем ұнатпайды. Есте сақтаңыздар! Қабырғаңызға әдемілеп сақтап қойыңыз. Бәрінің есінде болатын болсын!

Мерген

Мергендер айтқан сөздерге ғашық болмайды, олар істеген ісіне ғашық болады. Солай ма? Сондықтан Мергендерге ауызбен әдемі айтқаннан көрі, іспен әдемі жасаған артық. Осы естеріңізде болсын!

Сарышаян

Әрине, сарышаяндар сіз ойлағандай керемет емес шығар, бірақ Сарышаяндар ешқашан, еш уақытта сізді сатып кетпейді. Махаббатқа адал жандар! Сарышаяндарды бағалай біліңіздер. Әлемнің сегізінші керемет Сарышаян десекте қате айтқан болмас еді.

Таразы

Бір күні таразыларды естеріңізге түсіресіздер: олардың тәтті қылықтарын, көздерін, олардың иісін... сол кезде шаяндарды жіберіп алғандарыңызға өкінетін боласыздар. Қысқасын айтқанда Таразыларды бағалай біліңіздер. Сіздер Таразыға қалай қарайсыздар, олар сізге екі есе солай қарайтын болады.

Бикеш

Бикештер шыныменде 3 сөзді есту өте маңызды.. жо-жоқ, "Мен сені сүйемін" емес, жай ғана "Сен маған керексің". 
Ол сөзді жақын арада естисіз. Бастысы достарыңызды, жақындарыңызды үнемі ойлап жүріңіз!

Арыстан

Арыстандар - қиын адамдардың бірі болып табылады. Өзгерістері жылдам, көңіл - күйі тез түсіп, тез көтеріледі. Сезімге тез беріледі. Бір сөзбен айтқанда өте ерекше адам. Сүйікті адамы ештеңе жазбай, қоңырау шалмай отырса, бүкіл әлем тыныш отырғандай сезіледі.

Шаян

Иә, кейде Шаяндар барлығын жүрегіне жақын қабылдайды, өйткені олар басқаларға қарағанда сүйсе жүрегімен шын жақсы көріп, сүйеді.Махаббатқа берік болып келеді, тез ашуланшақ, бір ренжісе көңіл күйін көтеру қиынға соғады. Тек оның көңіл күйін ұнатып жүрген адамының әзілдері ғана көтереді. Солай ма?!)

Егіздер

Егiздер бірінші қадам жасаған адамдарды өте қатты бағалайды. Солай ғой? Әрқашан батыл бола білуді үйреніңіздер. Қашанға дейін ұялып, қысылып жүресіздер! Қанекей, Торпақтардың фотосына қарай бермей бір кез, киноға, қыдыруға шақырыңыздар!

Торпақ

Торпақ. Сізді бұрын бағаламаған адамдар қазiр сiздiң суретiңiзге қарап күн сайын өкініштен өзегі өртеніп жүр. Енді қалған шешім өзіңізде. Ол жанды кешіресіз бе, әлде кешірмейсіз бе. Кешірсеңіз, енді алдамайтынына көз жеткізіп алғаныңыз жөн.

Тоқты

Тоқтылар ішінде шыдамдылық бар: Сезімнің, ауырсынудың, көз-жастың, қызғаныштың, кешірудің шегі. Сондықтан олар кейде, ұзақ шыдауы мүмкін. Ұзақ үндемеуі мүмкін. Ұзақ шешім қабылдауы мүмкін. Сосын кез-келген уақытта ешқандай түсіндірусіз, бірде-бір сөз айтпастан кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан тоқтыларды көп ренжіте бермеңіздер!
reactor.inform.kz​​​
12 шілде 2018 ж. 2 259 0