Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Румыниядағы ең бай адамдардың бірі ұшақ апатынан қайтыс болды

Румыниядағы ең бай адамдардың бірі ұшақ апатынан қайтыс болды

Румындық миллиардер Ден Петреску Италияның Милан түбінде кешегі ұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұшақ апатынан 68 жастағы Петрескудан басқа, оның 65 жастағы әйелі, 30 жастағы ұлы және тағы бес адам, оның ішінде бір жастағы бала да қаза тапты.

Румынияның «Адеварул» газетінің хабарлауынша, әзірлеуші болған Петрескудің мүлкі шамамен 3 миллиард еуроға бағаланған және ол Румыниядағы ең бай адамдардың бірі болып саналған.

Петреску сонымен қатар Германия азаматтығын да алған.

Ол ұшақты 2015 жылы «Динамо Бухарест» футбол командасының бұрынғы акционері Вова Коэнмен бірге сатып алған.

Еске сала кетейік, 3 қазанда Италияның солтүстігіндегі Сан-Донато Миланезе қаласында Милан Линате әуежайынан Сардиния аралына қарай бағыт алған шағын жеке ұшақ апатқа ұшырады.
04 қазан 2021 ж. 6 915 0