Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балқаш көлі маңында ұшақ құлады

Балқаш көлі маңында ұшақ құлады

Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында чартерлік ұшақ аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«17 қазан күні сағат 11:15-те Cessna 182 чартерлік әуе кемесінің командирінен ұшақтың төңкеріліп кеткені туралы хабар келіп түсті. Әуе кемесінде 2 адам болған. Бірі экипаж мүшесі, екіншісі жолаушы. Зардап шеккендер жоқ», деді министрліктің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.
Оның айтуынша, ұшақ апаты Алматы облысының аумағында Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында болған.
17 қазан 2021 ж. 7 871 0