Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернет алаяқтық көбейіп барады

Интернет алаяқтық көбейіп барады

Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Оның дерегінше, 2020 жылы елімізде 14 мың интернет алаяқтық жасалса, 2021 жылы оның саны 21 мыңға жеткен.

ІІМ өкілі интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың басым бөлігі қарызға ақша беру арқылы жасалатынын айтты. Нақты түрлерін атасақ, төменгі пайызбен несие беру, қызмет көрсету, жылжымайтын мүлікті сату тағы сол сияқты алаяқтықтар.

«Биыл қаңтарда интернет арқылы 1177 алаяқтық әрекет істелген. Интернет алаяқтық қылмысының кең таралған түрі - тауар сату. Яғни интернет арқылы тауар сатады, сатып алушы алдын ала ақшасын төлейді, бірақ тауар жоқ. Содан соң микрокредиттік мекемелерден онлайн несие алу. Интернет алаяқтықтың тағы бір кең тараған түрі азаматтардың жеке деректерін біліп алып, банк картасынан ақшасын сыпырып алу. Көбінесе алаяқтар өздерін банк қызметкерімін деп таныстырады да клиенттен жеке мәліметтерді сұрайды, одан әрі жағдай белгілі», деді Рүстем Дүйсетаев.
14 ақпан 2022 ж. 5 159 0