Журналисті өлтірген күдікті ұсталды
Астанада журналист Ирина Бекетованы өлтірген күдікті қолға түсті.
Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Күдікті А.Гусейнов Ақмола облысының Аршалы ауданы Ижевское ауылында, Есіл өзенінің жағасында иесіз қалған ғимараттан табылды. Күдіктіні ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің жедел уәкілдері қолға түсірді.
Айта кетейік, журналист Ирина Бекетованың денесі үйінің алдынан табылған еді. Күдікті ұстау кезінде еш қарсылық танытқан жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, 24 қыркүйекте Астанада журналист әйел кісі қолынан көз жұмған еді. Марқұмның артында 4 баласы қалды. Кейіннен журналистің қызғаныштың кесірінен көз жұмғаны анықталып, оқиғаның мән-жайы белгілі болды.
Stan.kz