Павлодар облысында қоқыстан табылған сәбидің анасы анықталды
![](/uploads/posts/2018-10/medium/1540266570_30005-620x387.jpg)
“Баланы үйде туған. Өзі Ефремовка ауылынан. Сабағы кезінде Ақсуда ағасымен, әпкесімен тұрған. Туыстарынан жүктілігін жасырған. Есепте тұрмаған. Бала өмірге сау болып келген. Салмағы 3 келі 450 грамм. Бойы 51 см. Қазір босанған қыз қаладағы орталық ауруханаға жатқызылды. Оған гинеколог пен психолог көмектесіп жатыр”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Студен қыздың баласынан не себепті бас тартқаны алдағы уақытта анықталады.
Айта кетейік, жаңа туған сәбиің денесі 21 қазан күні қоқыс жәшігі маңынан табылған еді.