Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көздің көруін жақсартатын тағамдар

Көздің көруін жақсартатын тағамдар

Адамның ең басты байлығы - денсаулық екенін бәріміз жақсы білеміз. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Осы орайда біз сіздерге маңызды мүшелеріміздің бірі - көз туралы айтқымыз келіп отыр. Көз - адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергиясы. Көру мүшесі арқылы біз қоршаған әлемді танимыз. 
Темекіден бас тартып, компьютердің алдында ұзақ уақыт отырмаудың өзі көзімізді көптеген аурудан сақтап қалады. Және күн көзіне қарсы киетін көзілдірігімізді міндетті түрде тексеріп алуымыз керек. Өйткені оның да кері әсері көп. Ал ең бастысы дұрыс тамақтануымыз қажет. Назарларыңызға көз күтіміне пайдалы тағамдарды ұсынамыз.

Жұмыртқаның сары уызы

Жұмыртқа емдік тағамдар қатарына жатады. Ал оның құнды бөлігінің бірі - сары уызы. Оны ең зиянды өнімдердің бірі дейтіндер де бар. Бірақ дәрігер Пол Догерти ол тұжырымды теріске шығарды. Жұмыртқаның сары уызы лютеиннің қайнар көзі. Бұл антиоксидант бос радикалдармен күреседі. Көбіне бұл ауруға жасы 65-тен асқан адамдар душар болады. Оларға жұмыртқаның сары уызын шикі күйінде жеген дұрыс.  

Өсімдіктер

Қандай тағам жасасақ та өсімдіктерді қосуды ұмытпайық. Олардың құрамында лютеин өте көп. Сондықтан көз ауруларының алдын алады. 

Майлы балықтар

Лосось, скумбрия, тунец, анчоус сынды балықтардың дәмі де тәтті, пайдасы да мол. Олардың құрамында майлы қышқылдар өте көп. Ал ол қышқылдар біздің көру клеткаларымызды жақсартады.

Цитрусті жеміс-жидектер

Цитрусті жеміс-жидектерді біздің көзімізге пайдалы деп есептейді. Өйткені олардың құрамында дәрумендердің барлық түрі кездеседі. А дәрумені көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан қорғайды. С дәрумені көз ішіндегі қысымның көтерілуіне жол бермейді. Е дәрумені катарактаға қарсы күреседі. Себебі катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды, көздің көруі нашарлайды. Сондықтан цитрусті жеміс-жидектердің көз ауруларына қарсы көмегі көп.

Сәбіз

Сәбіз жалпы адам денсаулығына пайдалы көкөніс. Ол көздің көруін жақсартады. Өйткені құрамында лютеин мен бета-каротин бар. Ал бета-каротиннің құрамындағы дәрумендер көзге мол әсерін тигізеді. 

Миндаль

Миндаль басқа да жаңғақтар секілді дәрумендерге бай. Жоғарыда айтқандай дәрумендер катарактадан құтқарады. Күнделікті миндаль жеп тұрсаңыз, Е дәруменімен құнарланасыз. 
reactor.inform.kz
30 қазан 2018 ж. 1 491 0