Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазан айының соңында қандай жұлдызнама белгілерінің жолы ашылады

Қазан айының соңында қандай жұлдызнама белгілерінің жолы ашылады

Егер күздің басы сіз үшін сәтсіз басталса, ендігі уақытта жұмыстарыңыз жүйелене түседі. Астрологтар жуық арада сіздің өміріңіз қалай өзгеретіндігін айтты.
Күз барлығын өз орнына қояды, егер сіз қиналып жүрсеңіз, бәрін түзетуге мүмкіндік берері анық. Қазан айы сіздің бірқатар күрделі мәселелеріңізді шешуге мүмкіндік беріп, қараша айы сіз армандаған нақты жоспарлардың жүзеге асуына жол ашады.

Мергендер ақыр аяғында жеке өмір мен қарым-қатынастағы жолы болмаушылықтан арылады. Сіз өз айналаңызда көп нәрсені ұқтыңыз және де енді сенімді ақтамайтындарға сеніп, қателікке бой алдырмайсыз. Ал махаббатта сізге шынайы қарап, сіз секілді құрмет пен сезімін көрсете алатын адам керек. Дәл осы қараша айында сіз ол адамды жолықтырып, өз қорқыныштарыңызды сейілтуіңіз де ғажап емес.

Балықтар жоспарға жетуі үшін толықтық пен мықтылыққа қол жеткізеді. Сіз алға нық сеніммен қадам басқан сайын өмір сізге дамудың неше түрлі нұсқаларын ұсынудан тартынбайды. Ең басты кезең, әрине айналаға керек адамдарды, қажетті кезде бір арнада болатын жандарды жинақтау. 
Егіздер әйтеуір терең тыныс алып, жеке өмірдегі қиындықты өткереді. Егер сіз бұрын қарым-қатынасыңыз енді бұрыңғыша болмайтындығын сезінсеңіз, енді бәрі өзгергенін ұғынасыз. Өзіңізді асықтырмаңыз, бәрі кезең-кезеңімен жүзеге асатыны белгілі.

Таразылар көптен күткен қолдауды сезініп, қоршаған орта, әсіресе жұмыстағылардың қырсықтығынан арыласыз. Ол мәселе соңғы кездері тіптен күрделеніп кеткен болатын. Күздің екінші жартысы анағұрлым тыныш болып, жаңа адамдар мен жұмыстарды, сондай-ақ жақсы қаражат та алып келетіні анық.
Арыстандар көптен күткен істерінің алға жылжығанын ақыры сезетін болады. Барлығы дерлік сіздің ойыңыздағыдай болмаса да, ақырындап қозғалып, жақсы жағына түйіседі, оған алаңдамасаңыз да болады.

Суқұйғыштар өзіңіз үшін маңызды адаммен татуласуыңыз мүмкін және өз ортаңызға жақсы адамдарды да тартасыз. Олардың бірі сіздің болашақ сүйіктіңіз болуы әбден мүмкін, уақыт өте келе бәрін де ұғынасыз.
reactor.inform.kz
31 қазан 2018 ж. 1 251 0