Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәскеуде Михаил Горбачев қайтыс болды

Мәскеуде Михаил Горбачев қайтыс болды

Кеңес Одағының бұрынғы президенті Михаил Горбачев 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Михаил Сергеевич Горбачев 30 тамыздың кешінде ауыр және ұзаққа созылған дерттен қайтыс болды», деп хабарлады Мәскеудің Орталық клиникалық ауруханасы.

Горбачев Кеңес Одағын 1985-1991 жылдар аралығында КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы, кейін КСРО Президенті ретінде басқарған.

1991-1993 жылдары ел басқару құқығы үшін Борис Ельцинмен саяси күреске түсіп, одан жеңілді. Содан кейін саяси сахнадан кетті.

Горбачевтің әрекеті кеңестік элитаның ішінде кең ауқымды қақтығыс туындатты. Тіпті, көпшілік Горбачевты КСРО-ның ыдырауының басты себепкері деп санайды.
31 тамыз 2022 ж. 1 927 0