Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйгілі композитор қайтыс болды

Әйгілі композитор қайтыс болды

Әйгілі британдық композитор Монти Норман 94 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы ВВС мәлімдеді.
Монти Норман 11 шілде күні ұзаққа созылған ауыр дерттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз, - делінген композитордың жеке сайтында.

Монти Норман Лондонның шығысындағы латвиялық иммигранттардың отбасында дұниеге келген. 16 жасында анасы Норманға алғашқы гитарасын сатып әпереді.

Монти Норман Вест-Энд шоуы үшін музыка жазған.

1962 жылы британдық шпиондық «Доктор Ноу» атты фильмге «Джеймс Бонд тақырыбына» әуен шығаруға тапсырыс түседі. Аталған музыка кейіннен «Агент 007» фильмі арқылы өнер иесінің маңдайалды туындысына айналады.

baq.kz

12 шілде 2022 ж. 566 0