Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бонд фильмінің түсірілімі кезінде жарылыс болды

Бонд фильмінің түсірілімі кезінде жарылыс болды

 Джеймс Бонд туралы 25-ші фильмнің түсірілімі кезінде жарылыс болды,

Картина барысында жарылыс алдын ала жоспарланған, алайда ол бақылаудан шығып кеткен. Нәтижесінде түсірілім тобының бір мүшесі зардап шекті. Сонымен қатар, түсірілім жүріп жатқан британдық Pinewood студиясының декорациясы бүлінген. Павильонның төбесі мен қабырғадағы панельдері опырылған.

Сондай-ақ, 23 мамыр күні актер Дэниел Крейгтің Ямайкадағы түсірілім кезінде жарақат алғаны белгілі болды. Ол Бонд туралы фильмнің бірнеше бөлімінде басты ролді сомдаған. Оның тобығына ота жасалмақ. Артистің емханаға түсуі атақты фильмнің уақытылы шығуына кедергі болмайтын көрінеді. Бонд туралы 25-ші фильм 2020 жылдың сәуірінде қалың көрермен назарына ұсынылады.
https://baq.kz
05 маусым 2019 ж. 945 0